Ауа райының бұзылуына байланысты республиканың 3 өңірінде жолдар жабылды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
“ҚазАвтоЖол” мәліметінше, 10 ақпан күні сағат 10:00-дегі ақпаратқа сәйкес 3 облыста қар, боран және жолдың нашар көрінуіне байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Автожолдарда 337 техника мен 636 маман жұмыс істеп жатыр.
Алматы облысында — 2 учаске:
— тіркемелі, жартылай тіркемесі бар жүк автокөліктері үшін «Алматы-Өскемен» тасжолы, Қонаев-Шеңгелді учаскесі;
— автокөліктің барлық түрі үшін «Алматы-Шелек-Қорғас» тасжолы Байсейіт- Қорғас арасы;
Жамбыл облысында — 1 учаске:
— көліктің барлық түрі үшін «Алматы-Ташкент-Термез» тасжолы, Кенен-Благовещенка арасы, (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады)
Жетісу облысында — 2 учаске:
— тіркемелі және жартылай тіркемесі бар жүк автокөліктері үшін «Алматы-Өскемен» тасжолы, Шеңгелді-Қарабұлақ арасы;
— «Алматы-Өскемен» тасжолы, Қарабұлақ-Үшарал арасы.