Ақуызы көп тағамдар дене бітімі толық жеткіншектерге арықтауға көмектеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақуызы көп тағамдар дене бітімі толық жеткіншектерге арықтауға көмектеседі

Ақуызы көп тағамдар дене бітімі толық жеткіншектерге арықтауға көмектеседі

Миссури Университеті ғалымдарының зерттеуіне артық салмағы бар жеткіншектердің үш тобы қатысты.

  • 17 Тамыз 2015
  • 713
Фото - Caravan.kz

Қатысушылар әдетте аптасына 5-7 күн таңғы астарын ішпейтін. Алғашқы топқа зерттеушілер 12 апта бойы ақуыз құрамы жоғары, екіншісіне ақуызы қалыпты таңғы ас беріп отырды. Үшінші топ әдеттегідей таңғы асын ішпеді.   

Бірінші топқа қатысушылар таңғы аста 35 грамм ақуыз, екінші топтағылар  13 грамм ақуыз пайдаланған, деп жазды Zee News.

Таңғы аста ақуызды мол пайдаланған жасөспірімдер артық салмақтан арыла бастаған. Ал екінші және үшінші топтағы еріктілер керісінше салмақ қосқан.  Сонымен қатар бірінші топтағылардың  қанындағы глюкоза құрамы қалыпқа келген.  


Соңғы жаңалықтар