"Ақылды әйел еркектің ашуына тиетін сөз айтпайды": Заңгер қоғамдағы әйелдің зорлықпен өлтірілуіне өздері кінәлі екенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ақылды әйел еркектің ашуына тиетін сөз айтпайды": Заңгер қоғамдағы әйелдің зорлықпен өлтірілуіне өздері кінәлі екенін айтты

"Ақылды әйел еркектің ашуына тиетін сөз айтпайды": Заңгер қоғамдағы әйелдің зорлықпен өлтірілуіне өздері кінәлі екенін айтты

Белгілі заңгер Ләззат Ахатова әйелдердің зорлық-зомбылығы бей-жай орын алмай, ер мен әйел тарапынан болатынын айтты. 

  • 20 Ақпан
  • 180
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ләззат Ахатованың фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Елдегі белең алып тұрған үлкен мәселе, әйелдердің көрген қорлығы мен зорлық-зомбылықтың болу салдары қай тараптан болатынын тәптіштеп баяндады. 

Заңгер "дәл сол жағдай өз жақынымның басына түссе, қайтер едік деп, бір сәтке ойланып көрдік пе?..Қылмыстық істерге біз көбіне біржақты баға беретінімізді ылғи айтам", деді жанұшыра. 

Сонымен қатар, Ләззат Ахатова соңғы кезде болған жантүршігерлік жайттарды тізбектеп айта келе, өзінің практикасында болған соттағы жағдайды талдады. 

Бізде неге жантүршігерлік қылмыстар көбейіп кетті?.. Оның сыры неде? 

Есіме осыдан 15-20 жыл бұрын сотта практикада жүргенде куә болған бір қылмыстық іс түсіп отыр. Бір кәріс ұлтының азаматы қазақ қызды қорлап өлтірген..Ол қыз сүйіктісі болған, үйленетін де ойы болған. Жоғарғы мед.білімі бар, білікті дәрігердің сондай қылмысқа барғанына сене алмайсың. Үсті мұнтаздай тап-таза, білімді, әп-әдемі жігіт. Істегі мінездемелерге қарасаңыз, әріптестері де, жолдастары да, мұғалімдері де тек жақсы адам ретінде сипаттаған. Сотта судья “сүйген қызыңызды олай өлтіруге не себеп болды?”- деп сұрағанда, “ол (қызды айтады) бір ауыр сөз айтты. Жаныма қатты тигені сонша, басым дәл сол мезетте істеген жоқ, өз әрекетімді, не істеп жатқанымды түсінетін халде емес едім. Есімді жинағанда, басын кірпішпен мыжып тастағанымды көріп, өз көзіме өзім сенбедім. Өкіріп жыладым. Полицияға, жедел жәрдемге өзім хабар бердім. Мен оны жанымдай жақсы көрдім, әлі де сүйем. Не жаза қолдансаңыздар да, қарсылығым жоқ. Мен ең ауыр жазаға лайықпын. Мені онсыз да Құдай жазалады. Менің өмір сүруге қақым жоқ. Тек..ата-анамның алдында басымды иіп, кешірім сұраймын. Берген тәрбиелерін, ақ сүтін ақтай алмағаным үшін”-деп көз алдында болған сотты ашып түсіндірді. 

"Көкейімде қалған сұрақ “сонша аффект жағдайына түсіретін ол қыз не сөз айтты екен?”-деген сауал болды..Судья біраз үнсіздіктен соң, дәл сол сұрақты қойды. ”Сен ит жейтін кәріссің, мен сені иттің етінен жек көрем. Сені де, сенің ұлтыңды да. Сыйламаймын да. Сендерден ит жақсы. Мен саған күйеуге шықпаймын. Менің қазақ жігітім бар, менің ішімдегі балам сенен емес.”- деп айтты деді..

— Біз ішіп отырғанбыз, екеуміз де масаң күйде болатынбыз-деді, артынан..

Сонда ойыма бірінші келгені “бейшара қыз неге олай артық сөйледі екен?. Ажалына асыққандай. Бүкіл бір ұлтқа тіл тигізіп, сөзбен қорлап, неге астамсыды екен? Бөтен емес, жүрген жігіті. Сүймесе де, олай намысына, ұлтына тиіп, астамсымау керек еді ғой”-деген ой болды.., деп жазды заңгер. 

“Айлалы әйел-ақылды әйел. Ақылды әйел еркектің ашуына тиетін сөз айтпайды. Әсіресе ішкен кезде, ашуланып тұрғанда, не десе де, үнсіз жеңу керек. Ажалына асыққандар ғана онсыз да ашудан жарыла жаздап, ақырып тұрған еркекке қарсы сөйлейді. Айтатын нәрсені ер-азаматқа жайшылықта еркелеп, әзілдеп, назбен, тіпті өкпемен жеткізу керек” деп отыратын, үлкен апалар.

Сол секілді қазір отбасылық зорлық -зомбылық тақырыбын сөз етсек, Бишімбаев ісін айтамыз ғой. Оның да жай-күйі дәл жоғарыдағы жігіттің жай-күйіндей болмады дей аламыз ба? Әрине оны сот шешер. Сот үкімінсіз ешкімді қылмыскер деуге қақымыз жоқ. Бірақ бұл істердің бәрінен қоғам сабақ алу керек. Тек біржақты баға беріп, біржақты талқылағаннан, өз басымызға, жақындарымыздың басына ондай іс түспейтіндей астамсып, қарғап-сілей бергеннен, ондай қылмыстар өзінен-өзі азайып кетпейді. Адамзат барда түрлі жағдай болады, қылмыс та болады. Сондықтан кінә ешқашан бір адамнан ғана болмайтынын ұмытпайық. Педофилдер мен қаны о баста бұзық, қаныпезер баскесерлерден басқа қылмыстың 90%-да астарына үңілсең, кінә екіжақты боп шығады. Нақты анықтамасы жоқ, әр жағдай әр түрлі, деп ,ер адам мен әйел адамның қабылдауы, түсінігі, пайымы, табиғаты екі бөлек, деді. 

Заңгердің айтуынша, "әйел көтереді ғой, еркектің бөтен әйелмен жүргенін, неге еркектер көтермеу керек деп, жылдар бойы қалыптасқан менталитетті бір күнде сызып тастағымыз келді. Олай болмайды. Не нәрсеге де баспалдақпен көтерілгендей, бірте-бірте келмесе, керісінше эффект болуы мүмкін. Ушығып, кері әсер болуы да мүмкін", деп жазды.