"Ақылы көркіне сай": Жұбаныш Жексенұлы италяндық келінін жер-көкке сыйдырмай мақтады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ақылы көркіне сай": Жұбаныш Жексенұлы италяндық келінін жер-көкке сыйдырмай мақтады

"Ақылы көркіне сай": Жұбаныш Жексенұлы италяндық келінін жер-көкке сыйдырмай мақтады

Әнші Жұбаныш Жексенұлы өзге ұлттан түсірген келінін әбден мақтап сұхбат берді. Ұлы осыдан бірнеше жыл бұрын Италия аруын жар еткен еді. Жұбаныш Жексенұлы не себепті қарсы болмай, әкелік батасын бергені туралы айтты.

  • 20 Ақпан 2023
  • 2947
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол журналист Динара Сатжанға берген сұхбатында бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Журналисттің "Италяндық келіннің атасы болу қалай екен?" деген сұрағына өнер иесі жауабын берді.
"Ол мың келінге татитын бір келін. Ақылы көркіне сай. Ең бастысы ойының тереңдігі. Оқыған. Консерваторияны пианино классынан қызыл дипломмен бітірген музыкант. Ал музыканттың соншалықты саяз болуы мүмкін емес деп ойлаймын. Үлкен ұлым — гитарист. Гитарист пен пионисттен туған үйде кішкентай немере бар. Ол менің ішкі қуанышым. 

Мен ауылда, нағыз қазақы отбасында өскенмін. Басында әрине қарсы болдық. Жастар дегеніне жетеді ғой. Бізге дәлелдеумен болды. Осы — ақыры. Бір-бірін өте сондай сүйіп өз дегенінен қайтпай тұрғаннан кейін көп адам солай арманына, мақсатына жетеді ғой. Олар да солай жетті. Айттық. Көнбегеннен кейін амал жоқ. "Келініміз басқа ұлттан" деген кезде әкем "ей!" деп бәрін тоқтатты да "ұлттың жаманы болмайды. Адамы дұрыс болсын", — деді. Осы бірауыз сөзбен бәрі шешілді", — дейді.