Ақылы тұрақтан түсетін ақша қайда кетеді - әкімдік жауабы - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақылы тұрақтан түсетін ақша қайда кетеді -- әкімдік жауабы

Ақылы тұрақтан түсетін ақша қайда кетеді -- әкімдік жауабы

Алматы әкімдігінің өкілдері ақылы тұрақтан түсетін ақша қайда кететінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 2 Қазан 2017
  • 187
Фото - Caravan.kz

Қалалық көлік және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исаховтың айтуынша, ақылы тұрақ операторы «СпецТехПаркинг» ЖШС-ның 30%-ы әкімдікке, 70%-жеке инвесторға тиесілі.

«Жеке инвестор жобаға 10 млрд теңге қаржы салуды жоспарлап отыр. Қазір оның салғаны 1,3 млрд теңге. Қала билігі жүйенің дамуына 1 тиын салмады. Бірақ өзінің 30 пайыздық үлесінен табыс көріп отыр. Сонымен қатар, ақылы тұрақ операторы 190 млн теңге көлемінде салық төлейді. Көлігін тұраққа дұрыс қоймағандар  81 млн теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды. Бұл мемлекет қазынасына кетеді. Біз әлемдік тәжірибені қарадық. Әлемде еш елде ақылы тұрақ мемлекеттің қаржыландыруында емес. Бұрынғы «Алматы паркинг» операторымен салыстырғанда түскен салық көлемі 5 есе артты», — деді Мақсұт Исахов.

Айта кету керек, Алматыда ақылы көлік тұрағы көбейіп келеді.  Тұраққа көлік қою құны уақытына қарай 50 теңгеден басталады.


Төлем паркомат арқылы жасалады. Тұрақ үшін ақша төленбеген жағдайда 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады.  

 

Соңғы жаңалықтар