Жарияланды: 530

Ақын Б.Халиолланың «Жұлдыз жауған жарық түн» атты жаңа кітабының тұсауы кесілді

26 қараша күні Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда

белгілі ақын, халықаралық және республикалық айтыстардың жеңімпазы Бауыржан Халиолланың «Жұлдыз жауған жарық түн» атты жаңа кітабының таныстырылымы болды. Орал қаласындағы «Шапағат» баспа орталығынан жарық көрген, «Мөлтек әлем мөлдірі» және «Махаббат машақаты» атты қос бөлімнен тұратын жаңа кітапқа ақынның негізінен соңғы жылдары жазылған жырлары енгізілген. Бұл - оның үшінші кітабы. Бұған дейін Бауыржанның «Жұмбақ қыздың жанары», «Нәзік бұлт көшіп барады» деген жинақтары оқырманға жол тартқан болатын. Б.Халиолланы көпшілік айтыс ақыны ретінде білгенімен, ол жастайынан жазба поэзияға құлаш ұрып келеді. Бұл жолы да автор зал толы оқырманға тың туындыларын оқып берді. Сонымен қатар оның өзі жазған әндерін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қатимолла Бердіғалиев, Дастан Есентеміров, Армат Есләмғалиев сынды танымал өнерпаздар орындады. Сондай-ақ Жансая Мусина мен Айнабек Бисенғалиевтің айтысы да ерекше әсер қалдырды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін