Бұл туралы ол Тимур Балымбетовтың "Шыны керек" бағдарламасында айтып берді.
"Шыны керек сол жағдайдан кейін мен шок болдым. Мен үшін ол дау болмайтын жерден шыққан дау деп ойлаймын. Басында "Әгугай құрбым" әнін шығарғанда Шырын деген құрбым тұрмысқа шығатын болып, осы әнді сыйлық ретінде жазатын болдым. Бұл ән 1-2 күнде шыққан ән. Бұл әннің авторы Ерхан Алданазаров әнді маған тегін жазып берді, Назерке деген таныс ақын бар, тегін жазып береді деді Ерхан Алданазаров. Бұл ән жарты жылдан кейін халықтың көңілінен шықты, одан кейін бұл әнге бейнебаян түсірдім. Менің ойымша Назерке өзінің шешімін өзгерткісі келді. Ерхан арқылы ол кісі осы әннің минусын сұрады, "минусын алсын, айтсын, нәпақасын тапсын", — деп минусын алуға келісімімді бердім. Бір күні әлгі видеоны көріп, аң-таң болдым. Ол кісі әбден дайындалып, мен қоңырау шалатынымды білді. Менің бүкіл айтқан әңгімемді жазып алған, менің рұқсатымсыз әңгімемізді жазуға оның құқығы жоқ. Өзім сөйлескенде айттым: "Назерке, маған хабарласып айтсаң болады ғой. Сол кезде тегін жазып бердім, сен қазір осы әннен ақша алып жүрсің, осы әннен маған бірдеңе төлеші", — десең, төлер едім ғой дедім. Кейін, мен онымен кездесіп, жолының ақшасын төлеп, әннің сөзін жазып бергені үшін ақшасын төлеп, авторлық құқық енді толықтай өзімде. Жас ақындармен жұмыс жасау қауіпті, мен оларды ақын деп те айта алмаймын. Өйткені, Айнұр Тұрсынбаева сияқты болу керек шығар. Осы әннің авторы Ерхан Алданазаров менен бірде бір ақша сұраған жоқ, осы жағдайдан кейін шошып қалдым десем де болады" — деп жауап берді Салтанат Бақаева.