Ақын: "Ораза - екі жүзділіктің екі еселенетін айы" - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақын: "Ораза - екі жүзділіктің екі еселенетін айы"

Ақын: "Ораза - екі жүзділіктің екі еселенетін айы"

Бүгін - Рамазан айының екінші күні. Халық арасында ораза ұстауға қарсылық танытып, кереғар пікір жазғандар, бірін-бірі іліп әкетіп қолдағандар саны біршама. 

  • 12 Наурыз
  • 2520
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ақын Танакөз Толқынқызының фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ақын Танакөз Толқынқызы "Ораза — екі жүзділіктің екі еселенетін айы" деп жазды. 

Ақынның оқырмандары:

"Батыл сөзіңіздің жаны бар", "Өте дұрыс айтылған сөз! Кеше тойға бардық. Той болғасын,, жүздетеді,,. Ертең,, ғұсыл,, алып, ораза ұстаймын дейді, бір танысым. Сосын оразадан соң,, таз,, қалпына келеді, қайтадан. Кімді алдап жүр?", "Мен де осыны ойлайтынмын ылғи. Адамдарды алдап, ақша алып қарыз қайтармай, ішіп, басқа да көп жаман істер істеп жүретіндер, оразамын деп кісі болып отыратындарын көргенде ораза ұстағым келмей кетеді ғой. Осыны айтқанда “Күнә артпа, өздері жауап береді Алланың алдында” дейтін. Осы постыны оқығанымда тура ойымды суырып шығардыңыз", "Осы айда бәрі әділетті, бәрі мейрімді бола қалады.Екі жүзді имамдар бір ай бойы сұңқылдайтын болады, Алланың атынан", "Өте орынды айтылған сөз! Ораза біткен күні көреміз олардың шынайы беттерін", "Айтпа, барлық күнәсін жуып,сосын 11 ай күнә жинап", деп пікірлерін білдірді. 

Айта кетейік, осыған дейін Тортуыл Шоқан "

Он бір ай «боқ» жеп — бір ай ашыққаннан пайда жоқ" деп айтқан болытын.