Ақжайық ауданында отандық өнім өндіруші кәсіпорын іске қосылды
Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақжайық ауданы орталығы Чапаев ауылында бөлмеаралық және кіреберіс есіктерін сататын арнайы дүкен ашылды. |
Тағы бір кәсіпкерлік нысанының ашылу салтанатына аудан әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, игі тілегін білдірді.
Дүкен иесі - металлпластикалық есік-терезе сатумен аты шыққан «Жарқын-пласт» жеке кәсіпорны. Талғат Қайырғалиевтің иелігіндегі жаңа дүкен Ресей мен Украинадан әкелінген сапалы есіктермен қатар өз өнімдері - пластикалық терезелер сатады. Кәсіпкердің сөзіне қарағанда, өңірде тұрғын үй салушылар мен өз мекенжайын жаңғыртушылардың көбеюі өнімнің молырақ өтуіне мүмкіндік бермек. Болашақта ол несиенің көмегімен металлжабын, керамзит блоктарын шығаруды да жолға қоймақшы.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін