«Ақжайық» И.Зеньковичтің көмегімен «Таразды» ұтып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ақжайық» И.Зеньковичтің көмегімен «Таразды» ұтып кетті

«Ақжайық» И.Зеньковичтің көмегімен «Таразды» ұтып кетті

22 мамыр күні премьер-лига командалары арасында ҚР чемпионатының он екінші турында Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында «Таразды» қабылдады.

  • 23 Мамыр 2013
  • 295
Фото - Caravan.kz

Бұл кездесуде тараздықтар батысқазақстандықтарға қарағанда, әлдеқайда ширақ қимылдады. Соның нәтижесінде қонақтар алаң иелерінің қақпасын нысанаға жиірек алды. Көп ұзамай кері қайтып үлгере алмаған «Ақжайықтың» қорғаушысы Якуб Хлебоуннан «босап» қалған сол қанаттан суырылып алға ұмтылған нигериялық шабуылшы Обиора Одита Стас Покатиловпен жекедара шықты. Бұл жерде оралдық қақпашының шеберлігі ғана құтқарды.

Екінші тайм бойына да алаң иелері сылбыр ойын көрсетті. Тек кездесу аяғына таман Алексей Мальцевті ойын тәртібін бұзып тоқтатқан қонақтардың қорғаушысы Елдос Ахметовтің екінші ескерту алып, алаңнан қуылуы жағдайды күрт өзгертіп жіберді. Алаң иелері айқын басымдылық көрсетіп, қонақтар қақпасына ұмтылумен болды. Бұл өз жемісін берді де. 90-минутта «Ақжайықтың» сұрмергені Игорь Зенькович биылғы маусымдағы сегізінші добын соғып, батысқазақстандықтарға жеңіс әперді.

Осы турдан кейін 10 ұпай жинаған «Ақжайық» турнир кестесінде бұрынғыша 11-інші орында келеді. 26 мамырда батысқазақстандықтар Ақтөбеде ел чемпионатының көшбастаушы командасы «Ақтөбемен» жасыл алаңға шығады. Содан кейін 30 мамырда Орал футболының түлегі Нұрбол Жұмасқалиев бастаған Қостанайдың «Тобылын» қабылдайды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера