«Ақжайық» «Оқжетпесті» 3:0 есебімен ұтты - kaz.caravan.kz
  • $ 489.3
  • 578.94
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ақжайық» «Оқжетпесті» 3:0 есебімен ұтты

«Ақжайық» «Оқжетпесті» 3:0 есебімен ұтты

Кеше футболдан Қазақстан чемпионаты бірінші лигасында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында көш бастаушы қос команданың бірі Көкшетаудың «Оқжетпесін» қабылдады.

  • 15 Тамыз 2011
  • 510
Фото - Caravan.kz

«Ақжайықтың» ойынына командаға соңғы кезде қосылған ойыншылардың тың серпін бергені байқалады. Премьер-лига мықтыларының бірі Қарағандының «Шахтерінен» келген Қанат Әлиев алғашқы допты соқса, екіншісі, сербиялық ойыншы Миленко Рашкович 11 метрлік айып добынан мүлт кеткенімен, өз голын әдемі енгізді. Үшінші доптың авторы — Руслан Валиуллин. Сөйтіп оралдықтар ірі есеппен жеңіске жетті.

«Ақжайықты» соңғы кезде литвалық маман Сермилис Саулис жаттықтыруда.