«Ақжайық» өз алаңында тағы да тең ойнады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.3
  • 578.94
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ақжайық» өз алаңында тағы да тең ойнады

«Ақжайық» өз алаңында тағы да тең ойнады

Футболдан Қазақстан чемпионаты бірінші лигасында ойнап жүрген Оралдың «Ақжайығы» жеңістің дәмін тата алар емес.

  • 10 Мамыр 2011
  • 446
Фото - Caravan.kz

7 мамыр күні Шымкенттің «Тарланын» қабылдаған оралдықтар қарсылас қақпасының кілтін таба алған жоқ. Ойын 0:0 есебімен аяқталды. Бұл — «Ақжайықтың» биылғы маусымдағы үшінші тең ойыны. Оралдықтар келесі кездесуін 14 мамырда Қаскелеңде жергілікті «Сұңқармен» өткізеді.

Бірінші лигада төрт турдан кейін 12 ұпай жинаған Көкшетаудың «Оқжетпесі» мен Өтеген батырдың «Іле-Сәулеті» бірде-бір ұпай жоғалтпай, көш бастап келеді.