Қостанайлықтардан Ұлықбек Бақаев пен Мұрат Сүюмағамбетов әр тайм сайын бір доптан соғып, «Тобыл» 2:0 есебімен жеңіске жетті. Алаң иелерінің құрамында молдовалық жартылай қорғаушы Виктор Комленок алғаш рет шыққанымен, ол да тың леп әкеле алмады.
Бұл турда Көкшетаудың «Оқжетпесі» өз алаңында «Таразбен» тең ойнағандықтан, оныншы ұпайға қол жеткізіп, «Ақжайықтың» алдына шықты. Сөйтіп оралдықтар тоғыз ұпаймен соңғы орында қалды.