«Ақжайық» «Жетісуді» ұта ала ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ақжайық» «Жетісуді» ұта ала ма?

«Ақжайық» «Жетісуді» ұта ала ма?

Бүгін премьер-лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының жетінші турында Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында Талдықорғанның «Жетісуін» қабылдайды.

  • 24 Сәуiр 2013
  • 364
Фото - Caravan.kz

Алты турдан кейін сегіз ұпайы бар талдықорғандықтар жетінші орында келе жатса, оралдықтар алты ұпаймен тоғызыншы сатыда тұр. Сондықтан бүгінгі ойынның «Ақжайық» үшін маңызы зор. Оның үстіне «Жетісу» оңай шағылатын жаңғақ емес. Осының алдындағы турда талдықорғандықтар өткен жылғы чемпионаттың күміс жүлдегері Павлодардың «Ертісін» 1:0 есебімен ұтқан болатын. Ал «Ақжайық» соның алдында өз алаңында дәл сол «Ертістен» 1:2 есебімен жеңіліп қалған еді.

Өткен жылғы біріншілікте «Ақжайық» пен «Жетісудің» Оралдағы ойыны 2:2 есебімен тең аяқталған болатын.

23 сәуір күні қос команданың қосалқы құрамдары жасыл алаңда күш сынасып, онда қонақтар 1:0 есебімен жеңіске жетті. 86-минутта Серікжан Мужиков 11 метрлік айып добын орындаудан мүлт кеткен жоқ. Оңтайлы сәттерді пайдалана алмай, тағы да ұтылуға мәжбүр болған «Ақжайықтың» қосалқы құрамы соңғы орынға сырғыды. Мұны тек Оралдың бас командасының басына бермесін дейік…

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера