Ақжайықта жазушы Қайыр Құрақұланның 75 жылдығы аталып өтілді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақжайықта жазушы Қайыр Құрақұланның 75 жылдығы аталып өтілді

Ақжайықта жазушы Қайыр Құрақұланның 75 жылдығы аталып өтілді

19 қараша күні Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, бірнеше прозалық кітаптардың авторы, ұстаз Қайыр Құрақұланның (Бектұрғанов) 75 жасқа толуына орай Ақжайық ауданының орталығында «Халық қарыздар Құрақтың ұланына» атты кездесу өтті.

  • 20 Қараша 2012
  • 466
Фото - Caravan.kz

Алдымен жазушының ғұмырдерегінен сыр шертетін бейнебаян көрсетілді.

Қаламдас қарындасы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы БҚО бөлімшесінің төрайымы Ақұштап Бақтыгереева жазушының өмір жолын, еңбегін өрнектеген тұщымды сөз сөйледі. Тіл құдіретін кие тұтып, тарихи деректерге құрылған көркем дүниелерімен халқымызға кеңінен танымал ағамыздың жазушылық келбетін баян етті. Қазақстан Жазушылар одағының құрмет грамотасын табыстады. Сондай-ақ облыстық «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин де жазушының қаламгерлік қабілетін жан-жақты сипаттады. Аудан әкімі Нариман Төреғалиев жазушының өнердегі қасиетін жоғары бағалайтындығын айтып, оның туған жерге сапарын ұйымдастыру мерекесі 75 жасқа толуымен қанаттас келіп тұрғанын, әдебиеттегі көркем дүниелері көзі ашық кісіге берері мол кесек дүниелер екенін баяндады. Қаламгерге туған жерге келген сапарына ақжолтай тілек арнады. Иығына зерлі шапан жапты, алғысхат табыстады.

Қаламгер Қайыр Құрақұлы жерлестерінің үлкен жүрекпен қабылдаған құрме

Соңғы жаңалықтар