Ақжайықтың «Балауса» би ансамблі «Күншуақ» фестивалінде бас жүлдені иеленді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.3
  • 578.94
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақжайықтың «Балауса» би ансамблі «Күншуақ» фестивалінде бас жүлдені иеленді

Ақжайықтың «Балауса» би ансамблі «Күншуақ» фестивалінде бас жүлдені иеленді

Алматыда 1-5 маусым күндері өткен дәстүрлі, «Күншуақ» ІХ халықаралық фестиваль-байқауына Ақжайық ауданындағы балалар шығармашылығы орталығының «Балауса» би тобы қатысып, бас жүлдені иеленді.

  • 7 Маусым 2012
  • 711
Фото - Caravan.kz

Фестивальға 80-нен астам өнер ұжымы қатысты. Құрылғанына небәрі 5 жылдан асқан «Балаусаның» биігі тек бұл емес. Хореограф Ақмарал Бекетаеваның жетекшілігімен балғын бишілер былтыр Астанада өткен «Ақ көгершін» V халықаралық байқауында 1-орынды иеленген еді.

Алматы сахнасына олар «Дала гүлдері», «Бәрекелді» атты қазақ билерімен шықты.