Қорғаушы Сұңқар Нұрмағамбетовтің айтуынша, жаңа үкімі биыл ақпанның 27-28 күндері шығады, деп хабарлайды Sn.kz.
«Бұған дейін отырыстың (үкім шығатын) уақыты 27-28 ақпанға белгіленген болатын. Біз осы уақытты қарастырып отырмыз», — деді Сұңқар Нұрмағамбетов.
Естеріңізге салайық, қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Гуанчжоу қаласының әуежайында ұсталған болатын. Қытай полицейлері оны есірткі затын тасымалдады деп айыптап, өмір бойына бас бостандығынан айырды. Алайда, Орта Азия аймақтық заңсыз есірткі және психотропты заттардың айналымымен күрес ақпараттық орталығы Ақжарқынның нигериялық наркомафияның құрбаны болғанын мәлімдеді. 2016 жылдың 7 сәуірінде апелляциялық комиссия Ақжарқынның үкімінің күшін жойып, оны қайта қарау үшін сотқа жолдады.