Әр адам бойындағы энергиясын басқарып, жеке өмірдегі талай түйіткілдің басын қайыруға болады - Чакролог - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әр адам бойындағы энергиясын басқарып, жеке өмірдегі талай түйіткілдің басын қайыруға болады - Чакролог

Әр адам бойындағы энергиясын басқарып, жеке өмірдегі талай түйіткілдің басын қайыруға болады - Чакролог

Үндістан елінен бастау алған чакрология мамандығы біздің елімізге де келіп жетті.

  • 13 Желтоқсан 2021
  • 1902
Фото - Caravan.kz

Адам бойындағы чакралармен жұмыс жасап, бағыт-бағдар беруші чакролог маман Аиша Мақсұтқызымен Caravan.kz медиа порталының тілшісі сұхбаттасты. 

— Аиша, ханым! Чакрология жайлы жалпы мағлұмат берсеңіз. Қайда оқыдыңыз?
— Мен Аиша Мақсұтқызы. Осы мамандығым бойынша Нұрсұлтан қаласында оқып, сертификат алдым.
Шығыс мәдениеті адамның денесінде чакра деп аталатын энергетикалық орталықтарды анықтайды. Мұнда біздің өзімізге қатысты түрлі биологиялық және психологиялық аспектілер біріктіріледі. Чакраларды теңестірген кезде сіз өзіңізді денсаулық пен сауықтыру жолына саласыз.
Чакралар өз жұмысын дұрыс атқарса, қуатымыз қалыпта болып, гармонияда жүрер едік. Алайда, бұл барлығына бірдей бұйыра бермейтін бақыт. Түсінікті болу үшін 7 чакраға анықтама бере өтейін.
7 чакра
Сахасрара — төбемізде орналасқан. Бәрінде бірдей ашық тұрған жалғыз чакра. Жаратушымен, тылсым әлеммен байланысқа түсуге жауап береді.
Аджна – маңдайдың қақ орта тұсында орналасқан. Интуицияға, мақсат айқындылығына, ішкі сенімділікке жауапты. Осы чакра блокта болса, өмірдің мәнін жоғалту, үрейде жүру, ой шашыраңқылығы, ұйқысыздық белең алады.
Вишудха – тамақтағы чакра. Тіл табыса білу, шығармашылық қабілетіңіздің деңгейін көрсетеді. Жабық болу белгілері: шаршау, жалқаулық, сөзден жаңылу, тамаққа тәбеттің тым жоғарылауы.
Анахата – жүрек тұсынан орын алған чакра. Махаббатқа, адамды ғана емес өмірді сүюге, эмоцияға жауапты. Қуануды ұмытсаңыз, анахатам блокта екен дей беріңіз.


Манипура – асқазан астында орналасқан жетістік, билік, байлықтың чакрасы. Осылардың біреуі де сізде болмаса, демек әлі манипурамен достаса алмай жүрсіз.
Свадхистана – кіндік тұсымыздағы сексуалды қабілеттің чакрасы. Осы чакраны қолға алып, жеке өмірдегі талай түйіткілдің басын қайыруға болады.
Муладхара – құйымшақта орналасқан. Физикалық күш-қуатыңыздың мықтылығын көрсетеді. Белгісі – әлсіздік.
— Нумерологияға ұқсас па? Әлде, айырмашылықтар бар ма?
— Нумерология менің білуімше тек сандармен жұмыс жасайды. Ақша алып келетін код, өмір коды, сандар арқылы 12 айға болжам жасау, яғни қандай бизнес бастау керек, қай уақытта көшу керек, қай айда тұрмыс құру керек деген сиякты.

— Чакрология дінге қайшы емес пе?
-Чакрологтар нумерология екеуін қосып кейде болжамдар айтып жатады. Дінімізде ондайға рұқсат жоқ. Барлығы тек Алланың қалауымен болады.
Менің тәсілім мүлде бөлек, Исламға қайшы келмейді. Қысқаша айтқанда, тек халалын сүзіп алып, өзім Чакрологияны Ислам шеңберінде жазып шықтым.
-2022 жылы елімізді не күтіп тұр? Болжам жасайсыз ба?
Жок, болжам жасамаймын. Ол дұрыс емес, үлкен күнәлардың бірі.