Әр аймақтағы қалыңмал бағасы. Сізге қанша “төленеді”? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
0 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әр аймақтағы қалыңмал бағасы. Сізге қанша “төленеді”?

Әр аймақтағы қалыңмал бағасы. Сізге қанша “төленеді”?

Қалыңмал қазақтың бұрыннан бері келе жатқан салты. 

  • 9 Қараша 2018
  • 754
Фото - Caravan.kz

Қалыңмал әр аймақта әртүрлі, caravan.kz медиа порталы әрбір аймақтың қалыңмал бағасын біліп, анықтауға тырысты.

Алматы облысы

Алматы облысында қалыңмал бағасы ата-аналар бірге келіседі, дегенмен де бұл жақта миллион теңгеге дейін төленеді. Бұл жақта құдағилар бір-бірінен қанша алтын, күміс, киім-кешек керек екенін сұрап жатады және бұның еш айыбы жоқ деп есептейді.

Маңғыстау облысы

Маңғыстау мен Түркістан облысында қалыңмал сақталып келе жатқаны баршаға белгілі. Бұл аймақта қалыңмал 600 мыңнан басталып миллион теңгеге дейін барады. Маңғаз маңғыстаудағы байлар тіпті 2,3 миллионға дейін береді екен.

Маңғыстаудың бір ерекшелігі бұл жақта құдағилар бір-біріне шуба беріп жатады. Көп аймақтар шуба беру жоқ болса, ал Маңғыстауда бұл міндетті түрде берілуі тиіс.

Түркістан облысы

Түркістан облысында қалыңмал миллион мен екі миллионға дейін барады. Қалыңмалдан бөлек ата күші, анас сүті бөлек төленеді. 

Екі миллионға дейін барғаннан кейін қыздың жасауы соған сай жасалуы тиіс. Оның ішінде сандық, гарнитура, көрпе-жастығы да жатады.

Түркістан облысында қыздың дипломы бар болса, онда ол қыздың бағасы көбірек болады. 


Жамбыл облысы

Қалыңмал төлеу жағынан ең арзан облыс ол — Жамбыл облысы. Бұл аймақта қалыңмал 300 мың теңгеден басталып миллионға дейін баратын көрінеді.

Қарағанды облысы

Қарағандыда қалыңмал беріледі, дегенмен ол жақта қалыңмал делінбейді. Дегенмен ата күші, ана сүті деп береді. Арнайы бағаға талап қойылмайды, бірақ 1000 доллар көлемінде апарады. Солтүстік Қазақстанда да дәл осылай.

Батыс Қазақстан облысы

Бұл аймақта қалыңмал беріле бермейді. Дегенмен құдалық кезінде киім-кешек міндетті түрде беріледі. Бұл көрпе төсек алып беру, шуба деген атымен жоқ.

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыста белгілі бір сома алынбайды, бұл жақта "мынадай сома әкел" немесе "аз әкелдің, көп әкелдің" — деп жазғырмайды. 

Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында қалыңмал беріле бермейді.