Әр қадамын видеоға сала беретін Алтынай Жорабаеваның басы дауға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әр қадамын видеоға сала беретін Алтынай Жорабаеваның басы дауға қалды

Әр қадамын видеоға сала беретін Алтынай Жорабаеваның басы дауға қалды

 Тіс емханасынан видео жариялаған Жорабаеваны желі қолданушылары сынға алған көрінеді.

  • 11 Шiлде 2018
  • 348
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Алтынай Жорабаева бала күнінде тіс ауруына қатысты көп қиналғанын, сондықтан да қыздарын жыл сайын профилактикалық тексерістен өткізіп тұратынын атап өтті. Ол тіске кішкентай қара дақ түскеннен бастап көңіл бөлу керектігін де айта кеткен.

“Ертең ол үлкейіп кетпеу керек. Ол балалардың жүйкесін тоздырады. Балалардың қиналғанын қаламаймын. Жарты жылда бір рет тіс дәрігеріне қаралып тұрамыз. Тіс пен іш ауруы – ең шыдатпайтын ауру ғой. Сол себепті асқындырып алмау керек, сіздерге де кеңес беремін”, – деген екен әнші.

Алайда өнер иесінің жұртқа айтқан пайдалы кеңесін теріс түсінгендер де баршылық екен. Желі қолданушылары арасында Жорабаеваны қатаң сынға алғандар жетерлік.

“Бұның дұрыс емес, бәріміз бала үшін жүрміз. Бәріміз емделеміз, баламызбен қосылып. Оны елге айтудың қажеті қанша, айтыңызшы? Не бұл әлде басқа тірлігіңіз жоқ па?” – деп жазады Қылыш (kylysh4961) есімді желі қолданушысы.

“Оны әрбір ана біледі деп ойлаймын, сіздер әбден xалықты мезі қылғансыздар, не болса соны салып, ренжімеңіз, тым мақтаншақ боп кеткен жоқсыздар ма? Шетелде демалғандарыңыз, ішкен-жегеніңіз, үйіңізді түсіріп болып, енді тіс емдеткендеріңіз қалды ма? Бұныңыз шынымен ұят, ерсі сіз сияқты әншілер үшін”, – деп сынады Айгүл Үмбетова есімді оқырман.

Бұл ретте Жорабаева өзін сынға алғандарға жауап берді.


“Бағана стомотологиядағы видео қатты талқыға түсті иә? Қыздарымды кезекпен емдетіп отырып, қолым бос, пікірге жауап жазып дегендей. Әңгіме болсын деп қой негізі. Көп адамдар кәдімгідей беріліп, мені жұлып жеуге шақ қалыпты ғой. Расслабьтесь. Бәрі тамаша. Мынау қамшының сабындай қып қысқа өмірде сыйласып өткенге не жетсін. Мен туралы ойларыңыз қандай болса да, өзгертуге тырыспаймын. Әркімнің өз пікірі бар ғой а так та. Бәрібір мен сіздерді, яғни халқымды шексіз жақсы көремін”, – дейді ол.

Оқи отырыңыз:

Орамалсыз өткен беташар көптің ашуын тудырды

Головкин: Альварестің денесінен ине іздерін көрдім, ол допинг қолданған

Медициналық сақтандыру қоры халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына қаржы бөлді
 

 

 

Соңғы жаңалықтар