“Әр түскен ақшаға 2 отбасына баспана алып береміз” Тұрсынбаева 2500 теңгеге “Иман Нұры” марафонын жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Әр түскен ақшаға 2 отбасына баспана алып береміз” Тұрсынбаева 2500 теңгеге “Иман Нұры” марафонын жариялады

“Әр түскен ақшаға 2 отбасына баспана алып береміз” Тұрсынбаева 2500 теңгеге “Иман Нұры” марафонын жариялады

Айнұр Тұрсынбаева "Иман нұры" деп аталатын марафон өткізбекші.

  • 1 Сәуiр 2021
  • 1109
Фото - Caravan.kz

Және одан түскен ақшаға мұқтаж отбасыға баспана алып беретіндіктерін айтты.

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Айтыскер ақын инстаграм әлеуметтік желісінде:
"Қазіргі мұсылмандар өз уақытының көп бөлігін интернет ақтарумен өткізеді…Тіпті, рамазан айында да сауап жинау мүмкіндіктерін бос жіберіп алады…

Ал кезінде Имам Мәлик сынды ғалымдардың ораза айында уақытты ысырап етуді былай қойғанда, ілім иелерімен де бірге отырудан бойын аулақ салып, Құранмен ғана оңашаланатынын көп мұсылман біле ме екен?

Ендеше, өзге айларда уақытыңызды интернетпен өлтіріп жүрген болсаңыз, алдағы оразаға әзірлігіңізді бастай беріңіз! Мәселен, бір отырғанда көп аят оқып тастаңыз немесе өмірі беріп көрмеген мөлшерде садақа беріңіз. Мұның бәрі сізге алдағы Рамазан айында үлкен-үлкен құлшылықтарды орындауыңызға септігін тигізеді…

Қазірден бастап тіліңіз сақтаңыз.. Өзіңізд
і-өзіңіз тек қана шын сөйлеуге тәрбиелеңіз. Тіліңіз Аллаһты пәктеп, зікір айтудан шаршамасын..

Хадисте айтылғанындай, не жақсы сөз сөйле немесе үндеме. Ең тиімді әзірлік – осы. Ал, "жақсы сөзге" тасбих, таһлил, истиғфар сынды зікірлер жататыны есіңізде болсын..


Уақытыңызды барынша үнемдеңіз! Рамазан сізді күтпейді, керісінше сіз оны абыроймен күтіп алыңыз!

Біреуді жақсылыққа шақыру арқылы өзіңіздің де иманыңыз, біліміңіз артатынын және дәл сол жақсылықты жасамасаңыз да, жасағандай сауап алатыныңызды ұмытпауыңыз керек…


Өткір қылышты қайрап тұрмаса, кесуге жарамай қалатыны секілді, иманды да үнемі суарып, жаңартып отыру керек…

13 сәуірде басталатын 30 күндік “ИМАН НҰРЫ” деп аталатын марафон ең рухани мықты сабақтар болады.. Себебі спикерлер 100 % сауатты.. 30 күндік білімге небәрі 2500 теңге төлейсіз..


Және түскен ақшаға 2 отбасына БАСПАНА алып береміз.. Әрі садақа! Әрі сауап! Әрі білім! Әрі иманыңыз көтеріледі! Әрі Аллаға жақындайсыз.. Бұдан асқан бақыт бар ма жандарым..." — деп жазба жариялады.

Желі оқырмандары: "Өте жақсы бастама","игі іс", "білім мен сауапты қатар аламыз", "Ризамын Айнұр ханым", "Қатысамыз" — деген пікірлер жазылды.

 

Перейти к новостям спорта