1 қаңтардан бастап Біріккен араб әмірліктерінде жастар үйлену алдында генетикалық тестілеуден өтуге міндеттелді, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Бұл тұқым қуалайтын ауруларды анықтап, салауатты болашақ ұрпақты жоспарлауға бағытталған.
Міндеттелген тексеру эпилепсия, муковисцидоз және жүрек паталогиясын қоса алғанда, 570-тен астам мутация мен 800-ден астам ауруды анықтайды. Пилоттық жоба 2022 жылы енгізілген еді. Ол кезде 800 ерлі-зайыптылар қатысқан. 14% жағдайда болашақта қандай да бір тұқым қуалайтын аурулары бар балалы болу қаупі жоғары жұптар анықталды. Бүгінгі таңда елде тіркелген жұптардың 39-пайызы жақын туыстары арасынан екені белгілі.
«Генетикалық тестілеуді енгізу БАӘ Денсаулық сақтау жүйесіне жүктемені айтарлықтай азайтуға көмектеседі деп күтеміз», — деді дәрігер Эль-Хаттаб.
Бұрын некеге тұрар алдында генетикалық тестілеу міндетті емес еді, тек ел азаматтарына да, шетелдіктерге де некеге дейінгі медициналық тексеруден өту қажет болған. Енді генетикалық тестілеу некеге тұруға ниет білдірген БАӘ азаматтары үшін міндетті некеге дейінгі скрининг бағдарламасының бір бөлігі болады.
«Тестілеудің осы түрін енгізу Әбу-Дабидің мақтанышы болып табылады», — деді доктор Асма Әл-Маннай.