Иоган Меркель, ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары:
— Араб Әмірліктеріндегі он азаматтың біріне де қатысты жағымды жаңалық жоқ. Олар жақында елге оралады деп те айта алмаймыз. Ірі қылмыстық топ құрған, алдам өлтірген деп айыпталуда. Желтоқсанның басында Бас прокуратураның өкілдері Біріккен Араб Әмірліктеріне жол жүреді.
Екі апта бұрын Біріккен Араб Әмірлігінде 12 қазақстандық қамауға алынған еді. Олар Орал қаласының тумасы, бірнеше жылдан бері Қазақстанға көлік майлары мен қосалқы бөлшектерді жіберумен айналысады екен. Сыртқы Істер министрлігі Дубайға ресми сұрау жіберіп бұл оқиғаның мән-жайын анықтай алмаған-ды. Ведомстваның дәрменсіздігіне тұтқындалғандардың туыстары наразылық білдіріп, Астанадағы консулдық қызмет департаменті алдына жиналған болатын. Ұсталғандардың арасында жақындарына қонаққа барған 2 жерлесіміз бар екен. Олар қазір елге оралды. Ал қалғандарының тағдырын енді Әмірлік соты шешетін болады.