Араб хадистерінің қазаққа түк қатысы жоқ - теолог - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Араб хадистерінің қазаққа түк қатысы жоқ - теолог

Араб хадистерінің қазаққа түк қатысы жоқ - теолог

Танымал исламтанушы Асқар Сабдин араб жазирасына тиесілі хадистердің қазақтарға түк қатысы жоқ екенін айтып, өзге ағымның жетегінде кеткен жастарды сынады.

  • 7 Қараша
  • 24
YouTube/Qasqajol

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Исламтанушы діни радикализге кеткен жастар ұлттық болмысты толық мойындамайтынын алға тартады. Бұл туралы зерттеуші Qasqajol YouTube жобасында айтты.

«Мен олармен тікелей жұмыс істедім. Сәләфи ағымындағылар Әл—Фарабиді мойындамайды. Кәпір санайды. Олар үшін Жүсіп Баласағұн ешкім емес, кәпір, адасқан. Оның кітабында жұлдыздар туралы айтылған, адасқан деп санайды. Ахмет Ясауиді мойындамайлы, кәпір деп санайды. Олар үшін анау адасқан, мынау бидғатшы», — деді исламтанушы Асқар Сабдин.

Оның пікірінше жат ағыммен жүрген жастарды Ханафи мәсхабына қайтару өте қиын, көп уақыт пен күш, білім керек.

«Бес адаммен жұмыс істесек, оның біреуіне немесе екеуіне ғана ойыңды жеткізе аласың, оларды жат ағымнан қайтару өте қиын. Араб жазирасына тиесілі хадистердің қазаққа қатысы жоқ. Сосын соңғы жылдары спортшылар, әнші-әртістер мен блогерлер бір сәтте исламның ғұламалары болып шыға келді. Олар бір аяғымен сәләфизмге өткендер деп санауға болады», — деді исламтанушы-теолог.

Перейти к новостям спорта