Семинарда Қазақстан туралы әңгімелеген Н.Назарбаев ел ішіндегі тұрақтылықты, экономикалық мүмкіндіктерді, еліміздегі табиғи және адами байлықтарды ерекше атай отырып республикамыздың Азия мен Еуропа арасындағы тоғыз жолдың торабында орналасқан сауда-саттық тұрғысында тиімді жағрафиялық орналасу жағдайына баса назар аудартты. Елбасының айтуынша, соңғы уақытта Араб әлемі инвесторларының Қазақстандық жобаларға деген қызығушылығы едәуір арта түсті.
Абу-Даби сауда-өнеркәсіптік палатасы ұйымдастырған семинарға осы елдің министрлері, қаржылық институттарының басшылары мен Біріккен Араб Әмірліктерінің іскерлік әлемінің өкілдері қатысты.