Арабиялық компаниялардың Қазақстандық жобаларға деген қызығушылығы арта түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арабиялық компаниялардың Қазақстандық жобаларға деген қызығушылығы арта түсті

Арабиялық компаниялардың Қазақстандық жобаларға деген қызығушылығы арта түсті

Еліміздің экономикалық дамуына арналған жобаларға Біріккен Араб Әмірліктерінен инвестиция салынуын Қазақстан қолдайды. "Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері" деген тақырыппен Абу-Даби қаласында өткен семинарда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев осындай мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды Біріккен Араб Әмірліктерінің ақпараттық агенттіктері.

  • 20 Қаңтар 2004
  • 363
Фото - Caravan.kz

Семинарда Қазақстан туралы әңгімелеген Н.Назарбаев ел ішіндегі тұрақтылықты, экономикалық мүмкіндіктерді, еліміздегі табиғи және адами байлықтарды ерекше атай отырып республикамыздың Азия мен Еуропа арасындағы тоғыз жолдың торабында орналасқан сауда-саттық тұрғысында тиімді жағрафиялық орналасу жағдайына баса назар аудартты. Елбасының айтуынша, соңғы уақытта Араб әлемі инвесторларының Қазақстандық жобаларға деген қызығушылығы едәуір арта түсті.

Абу-Даби сауда-өнеркәсіптік палатасы ұйымдастырған семинарға осы елдің министрлері, қаржылық институттарының басшылары мен Біріккен Араб Әмірліктерінің іскерлік әлемінің өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар