Арафаттың мүрдесі 27 қарашада қазып алынады
![]() |
Француз және Швейцария сарапшылары 27 қараша күні Палестина ұлттық әкімшілігінің бұрынғы лидері Ясир Арафаттың мүрдесін эксгумация жасайды. |
«27 қарашада оның мүрдесі қазып алынады, онда БАҚ өкілдері қатыспайды», - деп журналистерге Я.Арафаттың өлімін тексеруші палестиндік комиссия басшысы бұған дейін мәлімдеген болатын.
Я.Арафаттың мүрдесін эксгумациялау үрдісін ресейлік мамандар бақылайды.
Соңында олар швейцарлық және француздық сарапшылармен бірге өлім себептерін анықтау үшін мүрдеге сараптама жүргізеді.
Биыл шілде айында швейцарлық мамандар Я.Арафаттың киімі мен жеке заттарынан полоний-210 радиоактивті зат іздерін анықтаған.
Лозаннадағы Радиофизика институтының сарапшылары жүргізілген зерттеу қорытындысынан кейін Я.Арафат осы радиоактивті заттан уланып өлген деген қорытындыға келген. Ресми болжам бойынша, ол 2004 жылы 11 қарашада Францияда инсульттан қайтыс болды делінген. Я.Арафат Израильмен бейбіт келіссөздерге қатысқаны үшін Нобель сыйлығына ұсынылған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін