Арал ауданында алаяқ полиция қызметкері жазасын алды - Қызылорда облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арал ауданында алаяқ полиция қызметкері жазасын алды - Қызылорда облысы

Арал ауданында алаяқ полиция қызметкері жазасын алды - Қызылорда облысы

Қызылорда облыстық проокуратурасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, осы облыстың Арал аудандық ІІБ-мі бастығының оперативтік жұмыстар жөніндегі орынбасары М.Жалғасов алаяқтық әрекеттері үшін соттың үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылған.

  • 29 Маусым 2011
  • 1767
Фото - Caravan.kz

М.Жалғасов 2010 жылдың қараша айында бөтеннің мүлкін алдап алу мақсатында Арал қаласының тұрғыны С.Тоқмамбетовті қызмет бөлмесіне шақырған. Оған өзін таныстырып, «Сен есірткі сатумен айналысасың» — деген жала жауып, ұзақ уақыт қызмет бөлмесінде ұстаған. Соңына босатып жіберген. Осыдан соң М.Жалғасов: «Облыстан бригада келіп жұмыс істеп кетті, саған оларды тиіскізбедім. 12 айлық есеппен ДВД-ға барамын, бригада басшыларына соғып шығу керек. Өзімізге керек адамдар. Сондықтан 4 000 АҚШ долларын беріп жібер», — деген мазмұндағы хат жазып, қызметтік автокөлігінің жүргізушісінен С.Тоқмамбетовке беріп жіберген.

С.Токмамбетов учаскелік полиция инспекторларының үйіне іздеп келгенін естіп, ҰҚК-нің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментіне М.Жалғасовтың 4000 АҚШ долларын заңсыз талап етіп отырғандығы туралы арызданып, департамент қызметкерлерімен жедел-іздестіру шаралары жүргізілген.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында, желтоқсанның 17-сі күні М.Жалғасов жүргізушісі М.Акмамбетовтің басқаруындағы «УАЗ» маркалы автокөлігімен С.Тоқмамбетовті үйінен шығарып алып, онымен автокөлік ішінде сөйлесіп, оның есірткі заттарын сататыны туралы жедел ақпараттар бар екенін айтып, алдайды.

Келесі күні М.Жалғасов С.Токмамбетовпен қайта кездеседі, С Тоқмамбетов оған 4000 АҚШ долларын бере алмайтынын айтып, тек 150 мың теңге беріп, қалған соманы кейін беруге көндіреді. М.Жалғасов бұл уәжге көніп, 150 мың теңге ақшаны алу үшін жүргізушісі М.Акмамбетовті жұмсайды, ал ол 18-інші желтоқсанда аталған соманы алған жерінде ҰҚКД-нің қызметкерлерімен ұсталды.

Сөйтіп, қылмыс оқиғасы бойынша 21.12.2010 жылы ҰҚКД-мен М.Жалғасовқа қарсы ҚР ҚК-нің 177-бабының 3-бөлігінің «г» тармағы, жүргізуші М.Ақмәмбетовке қарсы ҚР ҚК-нің 177-бабының 2-бөлігінің «а» тармағымен қылмыстық іс қозғалып, іс тергеу реттілігімен облыс бойынша қаржы полициясына жолданды.

Арнайы прокурормен тергеу жүргізу барысында сезікті М.Ақмамбетов қылмыстың ашылуына белсенді түрде көмек көрсетіп, өзінің алғаш рет орташа ауырлықтағы қылмыс жасағандығын толығымен мойындап, өзін қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұрайтындығын көрсетіп арызданған.

Аталған арызға байланысты ҚР ҚК-нің 65-бабының талабына сәйкес М.Акмамбетовке қатысты қылмыстық қудалау ақталмайтын негізде қысқартылып, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Ал арнайы прокурордың жүргізген объективті тергеуінің нәтижесінде М.Жалғасовтың қылмыстық іс-әрекетін әшкерелеуге қажетті барлық дәлелдемелер толығымен жинақталып, ол ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 177-бабының 3-бөлігінің «г» тармағымен, яғни мемлекеттік функциялар атқаруға уәкілетті адам бола тұра, қызмет бабын пайдаланумен ұштасқан алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін алдау және сенімге қиянат жасау арқылы алуға оқталғаны үшін айып тағылып, негізінен қарау үшін Арал аудандық сотына жолданған.

Нәтижесінде, Арал аудандық сотының 29.03.2011 жылғы үкімімен М.Жалғасов ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 177-бабы 3-бөлігінің «г» тармағымен кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Соңғы жаңалықтар