Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі newtimes.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жобаға Таң ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 12 шақырым жерде орналасқан «Манақ Баба» фермасы таңдалды. Ең прогрессивті 9 «жасыл» технологияны қолдану шаруақожалығын таза сумен және электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Жоба аясында күн радиациясы мен жел қозғалысын электр энергиясына айналдыратын күн және жел электр станциясынан тұратын гибридтік қондырғы орнатылды. Алынған энергия тұрмыс пен шаруақожалығының қажеттіліктері үшін пайдаланылады. Одан бөлек, арнайы сорғы шаруа қожалығы аумағындағы құдықтан суды сорып алады және тәуліктік реттеу бассейніне жинайды.
Жобаның арқасында қазірге дейін бес гектар тұзды жер қалпына келтірілді.