Арал теңізі 15 жылдан кейін тартылып қалуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арал теңізі 15 жылдан кейін тартылып қалуы мүмкін

Арал теңізі 15 жылдан кейін тартылып қалуы мүмкін

Арал теңізі мамандардың бұған дейінгі есебінде көрсетілген мерзімнен бұрынырақ тартылып қалуы мүмкін,- деп хабарлайды Немецкая волна радиосы Ұлыбританияның "Нью сайентист" журналына сілтеме жасай отырып.

  • 23 Шiлде 2003
  • 3470
Фото - Caravan.kz

Мәскеу мұхит зерттеуі институтының Петр Завьялов бастаған бір топ ғалымы Аралдағы су деңгейінің өзгерісіне болжам жасауға пайдаланылған математикалық модельді нақтылау бағытындағы зерттеулер жүргізген көрінеді. 90-жылдардың басында жасалған бұл модель бойынша, ең қолайсыз ахуалдың өзінде 2002-жылы Арал теңізіндегі су деңгейі 65 метрден 34 метрге дейін төмендеуі тиіс болатын. Ал шын мәнінде 2002-жылы бұл деңгей 30 метрді құрады.

2002-жылы өлшенген тұз концентрациясы да есептегі көрсеткіштен артық болып шықты. Осындай өлшеу нәтижелерін ескере отырып модельдің көрсеткіштерін нақтылаған ғалымдар есебі Арал теңізінің 15 жылда тартылып қалу мүмкіндігін айғақтап отыр.
П.Завьяловтың пікірінше, су деңгейінің осыншама қарқынмен төмендеуіне теңіздің батыс бөлігінде тұз концентрациясы өте жоғары 20 метрлік су қабатының болуы әсер етеді. Бұл маңдағы сұйықтық тығыздығының төтенше жоғарылығы салдарынан су тұздылығы төмен су қабаттарымен араласпай, күн астында тез қызады. Осындай себеппен тұз концентрациясы тіптен артып, тез жылу салдарынан судың булану қарқыны күшейіп, Арал теңізінің тартылу процессі пәрмендене түсуде.

Соңғы жаңалықтар