Арал теңізінің құрғаған жеріне өсімдіктер егіледі  - kaz.caravan.kz
  • $ 472.31
  • 543.72
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арал теңізінің құрғаған жеріне өсімдіктер егіледі 

Арал теңізінің құрғаған жеріне өсімдіктер егіледі 

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Арал теңізінің құрғаған жерінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу жөнінде жиын өткізді.

  • 2 Сәуiр
  • 4
Фото: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Арал теңізінің құрғаған табанында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша ҚазҒЗИАҒШ-ның ғылыми қызметкерлерімен және Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мамандарының қатысуымен кеңес өткізді.

Арал теңізінің құрғаған табанында жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстары және ғылыми қызметкерлердің атқарып жатқан зерттеулері жайлы мәселелер қаралды.

Кеңес қорытындысында Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша ҚазҒЗИАҒШ-ның Алматы филиалына бірқатар тапсырмалар берілді. Арал теңізінің құрғаған табанында отырғызу материалдарын өсіру фитолесомелиорациялық екпелерді құру бойынша жұмыстар бақылауда болуды назарға алу тапсырылды, — делінген министрлік хабарламасында.