Арал ауданының әкімі Нәжімеден Мұсабаевтың ақпаратына сәйкес, шағын қалаларды қолдау бағдарламасы аясында үкімет Аралға 65 млн. теңге бөлген, оның 50 млн. теңгесі аталмыш өндірісті ашуға жұмсалмақшы.
Қазір Арал вагон жөндеу зауытының бос тұрған цехтарын жаңалау жұмыстары басталды. Бүгінде дайындық жұмыстарымен 50 адам шұғылдануда. Кәсіпорын 2004-жылдың аяғында іске қосылады деп күтілуде. Нәтижесінде 100 адам жұмысқа қамтылады.
Соңғы жылдары Балхаш , Арал, Зайсан, Алакөл және Қапшағайдағы балық аулайтын кемелер іс жүзінде жаңаланған жоқ. Жаңа кәсіпорын еліміздің балықшыларын пластиктен жасалған қайықтармен қамтамасыз етумен шектелмей, кемелерді күрделі жөндеуден өткізіп, балық аулайтын жабдықтар жасайды. Өндірістік шикізат, құрал-жабдықтар мен бөлшектер Ресейден әкелінеді деп күтілуде.