Қазақстандық сайыскер Қуат (лақап аты «Найман») Хамитов бразилиялық Тиаго Луиз (лақап аты «Нигао») Насчиментоны айқын басымдықпен жеңді.
Сайыс басталысымен шабылға шығып, соққы жасаған қарсыласын Хамит жерге атып ұрды. Дегенмен, бір-біріне соққы жасауға мүмкіндік бермеген қос сайыскерді төреші тұрғызып жіберді. Бірақ, кезекті қарсыласын кезекті рет жерге атып ұрған Хамит, оны соққының астына алды. Бразилиялық есеңгіреп, қарсыласудан қалған соң, төреші 1-раундтың 3 минут 40 секундында сайысты тоқтатты. Осылайша Қуат кезекті қарсыласын «көміп тастап», «Alash Pride FC» нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атанды.
Аралас жекпе-жектен «Alash Pride FC» нұсқасы бойынша тұңғыш Әлем чемпионы анықталды
«Алматы тауэрс» көпсалалы кешенінің аренасында аралас жекпе-жектен «Дала батырлары» Халықаралық турнирінде 77 келі салмақ дәрежесінде «Alash Pride FC» нұсқасы бойынша тұңғыш Әлем чемпионы анықталды.
Қазақстандық сайыпқыран Махир (лақап аты «Құрыш аяқ») Мамедов латвиялық сайыскер Валериус (лақап аты «ВМ») Миколаускасты жеңді.
Бірінші раундтың 27-ші секундында отандасымыз сол аяқпен қарсыластың бауыр тұсынан теуіп, нокаутқа жіберді. Осылайша, Махир Мамедов «Alash Pride FC» нұсқасы бойынша тұңғыш Әлем чемпионы атанды.
Әділ Боранбаев Венер Галиевті нокаутпен жеңді
«Алматы тауэрс» көпсалалы кешенінде өтіп жатқан аралас жекпе-жектен «Дала батырлары» халықаралық турнирінде 77 келі салмақ дәрежесінде супер кездесу аяқталды. Қазақстандық сайыскер Әділ (лақап аты «Боран») Боранбаев ресейлік Венер (лақап аты «Башқұрт») Галиевті нокаутпен жеңді.
Бірінші раунд басталысымен қарсыластар бір-бірін аңдуға көшті. Екеуі де қапысын тауып, дәл соққы жасауға тырысты.Алайда, сайыстың 03:06 минутында шабуылға көшкен ресейлікті ұрымтал сәтте оң қолымен жақтан соғып, нокаутқа жіберді. Сөйтіп, Әділ Боранбаев «Дала батырлары» халықаралық турнирінің Кубогын жеңіп алды. 
Сурет Алуа Қонарованың Қуат Хамиттың жеңісінен кейін салған фейсбуктегі жеке парақшасынан алынды.


