Аралда Арыстан бап кесенесі бой көтерді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аралда Арыстан бап кесенесі бой көтерді

Аралда Арыстан бап кесенесі бой көтерді

Исі мұсылманға мәлім Арыстан бап бабаның жеті жайының бірі саналған Ақирек ауылдық округінің тұсында игі іс атқарылып жатыр. 

  • 11 Қыркүйек 2015
  • 629
Фото - Caravan.kz


Нақтырақ тоқталсақ, халықаралық көлік дәлізі ретінде танылған «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» жолы бойында аудан әкімінің бастамасымен, жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен биіктігі 10 метрден астам белгі тұрғызылу үстінде,-деп хабарлады Арал аудандық әкімдігінің баспасөз қызметінен.

 Ақтаудың ақ тасынан қашалып жасалған күмбезді белгі келешекте тынығушылар үшін таптырмас орынға айналмақ. Аудан әкімі Абзал Мұхимов іс басындағы құрылысшыларға барып, ауылдың сәулетіне сәулет қосатын орынды дер кезінде сапалы бітіруді пысықтады.
Аралда Арыстан бап кесенесі бой көтерді Аралда Арыстан бап кесенесі бой көтерді Аралда Арыстан бап кесенесі бой көтерді

Соңғы жаңалықтар