Аралда облыстың мәдениет қызметкерлері өнер сынасты - Қызылорда облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аралда облыстың мәдениет қызметкерлері өнер сынасты - Қызылорда облысы

Аралда облыстың мәдениет қызметкерлері өнер сынасты - Қызылорда облысы

Арал қаласындағы Н.Кенжеғұлұлы атындағы аудандық мә­де­ниет үйінде жылжымалы мә­дени -кешен қызмет­кер­ле­рінің облыстық байқауы болды.

  • 9 Желтоқсан 2010
  • 690
Фото - Caravan.kz

Байқауда Арал, Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған және Шиелі аудандарынан барлығы тоғыз кешен өнер жарыстырды. Байқау алдында Арал ауданының әкімі Нәжмадин Мұсабаев шараға қатысушыларды құттықтап, оларға сәттілік тіледі.

Байқаудың қорытындысында бірінші орынға Арал ауданының «Ақ желкен» мәдени -жылжымалы кешені лайықты деп танылды. Екінші орынға аралдық «Асыл мұра» мен сырдариялық өнер ұжымы орналасты. Үшінші орынды Жаңақорған, Шиелі аудандарының мәдени- жылжы­малы кешен қызметкерлері жеңіп алды. Байқау жеңімпаздарын облыс­тық мәдениет басқармасының бөлім бастығы Алма Қойшығұлова құттықтап, арнайы грамоталар мен сыйлықтар табыс етті.

Перейти к новостям спорта