Аралда қайтыс болған қызға қойылған "оба" диагнозы зертханалық тексерулер нәтижесінде дәлелденді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аралда қайтыс болған қызға қойылған "оба" диагнозы зертханалық тексерулер нәтижесінде дәлелденді

Аралда қайтыс болған қызға қойылған "оба" диагнозы зертханалық тексерулер нәтижесінде дәлелденді

16-тамызда Арал аудандық ауруханасында қайтыс болған 4 жасар қызға қойылған "оба" диагнозы зертханадағы серологиялық және бактериологиялық зерттеулер нәтижесінде дәлелденді. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрлігінен таратқан хабарламада айтылған.

  • 18 Тамыз 2003
  • 852
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Шөміш станциясының 4 жасар тұрғыны бүрге шағу салдарынан оба дертін жұқтырып қайтыс болған еді.

Министрлік ақпаратына сәйкес, Аралда медициналық штаб құрылып, тұрғындар бұл туралы толыққанды хабарланып, қора-жайларға медициналық тексерулер жүргізілуде. Медициналық мекемелерде науқаспен қарым-қатынаста болған адамдарды ауруханаға жатқызуға және оларды дәрігерлік бақылауға арнап күзетті обсервациялық бөлмелер жабдықталды. Науқаспен қарым-қатынаста болған барлығы 27 адам тіркелді. Олардың барлығы да ауруханаға жатқызылды.
Ауру ошағында облыстық мемлекеттік санэпидбақылау басқармасының , облыстық денсаулық сақтау басқармасының, Арал обаға қарсы күрес станциясының, аудандық медициналық мекемелердің өкілдері жұмыс істеуде. Карантиндік және жұқпалы індеттер жөніндегі Қазақ ғылыми-зерттеу институты мен Республикалық санэпидстанциясының мамандары кеңесші ретінде жолданды. Жұқпалы ауруға қарсы шараларға 70-тен астам маман жұмылдырылды.
Әзірге Арал ауданында оба жұқтыруға байланысты басқа оқиға тіркелген жоқ.

Соңғы жаңалықтар