Аралдан келген ұрылар Астанада бірқатар коттедждерді тонаған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аралдан келген ұрылар Астанада бірқатар коттедждерді тонаған

Аралдан келген ұрылар Астанада бірқатар коттедждерді тонаған

2015 жылғы 25 желтоқсанда елордалық полицейлер Қызылорда облысынан келген, бірнеше коттедждерді тонаған «қонақ» ұрылар тобын анықтап, ұстады.

  • 28 Желтоқсан 2015
  • 412
Фото - Caravan.kz

Елордалық ІІД хабарлағандай, Астана қаласы ІІД криминалдық полиция қызметкерлерінің ақпаратына сәйкес Арал қаласының 26-28 жас аралығындағы үш тұрғыны бірнеше коттедждерді тонаған. Кешкі уақыттарда, үй иелерінің жоқ екеніне көзі жеткен  олар терезе торын сындырып кіріп, ақша, зергерлік бұйымдар, бағалы киімдерді ұрлаған.

Ұсталғандар жалға алған тұрғын үйді тексеру барысында полицейлер 30 мың АҚШ доллары, 9 мың еуро, 324 алтын бұйымдар, бірнеше күзен тоны, бағалы бас киімдер, 2 травматикалық қару тәркілеген. «Тайото камри» көлігін тексеру барысында тор, терезе бұзатын құралдар табылды.

Ұсталғандар Астана қ. ІІД уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. ҚР ҚК 188-бабы («ұрлық») бойынша сот алды тергеу жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар