Аралдың солтүстік бөлігін қалпына келтіруге бағытталған ақырғы нұсқаны бекіту тапсырылды
Премьер-министр Серік Ахметов Ауыл шаруашылық министрлігіне Аралдың солтүстік бөлігін қалпына келтіруге бағытталған ақырғы нұсқаны бекітуді тапсырды. |
Сонымен қатар Үкімет басшысы бейсенбі күнгі кеңесте аталған жобаны жүзеге асыру жоспарын қабылдауды талап етті, деп хабарлайды премьердің баспасөз қызметі.
С.Ахметов тиісті органдарға Қызылорда облысын газдандыру және Сырдария өзенінің аңғарын тазарту мәселелерін қарастыру жөнінде тапсырма берді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін