Айдынды Арал өңірінен шыққан талантты қыз бұл жүлдеге 12 елден келген 46 спортшымен бәсекеде қол жеткізді. Осының өзі — үлкен жетістік. Жасы 11-дегі Элизабет осымен халықаралық турнирге екінші рет қатысып отыр. Мұның алдында Францияда өткен додада төртінші нәтиже көрсеткен болатын. Қазіргі күндері ол ата-анасымен және ағасы Тимурмен бірге Мәскеу қаласында тұрып жатыр.
Жоғарыдағы жарыстың алтын медаліне литвалық Александра Головкина, күміс медаліне финляндиялық Нельма Хеде қол жеткізді.