”Арамыз тату”: Шаһизада ұлының екі әйелімен де араласатынын айтып мақтанды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.45
  • 598.59
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Арамыз тату”: Шаһизада ұлының екі әйелімен де араласатынын айтып мақтанды

”Арамыз тату”: Шаһизада ұлының екі әйелімен де араласатынын айтып мақтанды

Әнші, эстрада жұлдызы Шаһизада экс келінімен жақсы қарым-қатынаста екенін айтты.

  • 12 Маусым
  • 116
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Өнер иесі желідегі парақшасында қос келінімен видео жариялаған.

“Бұл — мен. Өз-өзіме шапалақ соғып отырмын. Өйткені, екі келініммен де доспын. Түсінбей жатқандарға, айтып өтейін: Ләззат – менің бірінші келінім, ұлым екеуі ажырасып кеткен. Ал Шынар – ұлымның қазіргі келіншегі. Бүгінгі таңда барлығымыздың арамыз тату. Аллаға шүкір! Өйткені немерелер бар. Осындай кішігірім отбасымыз жайлы факт», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншінің видеосына түрлі пікір жазуда.

”Бұл — үлгі алатын нәрсе емес. Бірінші келінмен жақсы болсаң, ажырасуға жол бермес едің”, “Риза болатын емес, жылайтын жағдай”, “Екінші әйеліне ұнап отырған жоқ, түрінен көрініп тұр”, “Керемет, тек дана адамдар ғана тату болып қала алады”, — деп жазды олар.