”Арандатудың құрбаны болды”: Ақселеу Сейдімбектің өзіне қол салу себебі айтылды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Арандатудың құрбаны болды”: Ақселеу Сейдімбектің өзіне қол салу себебі айтылды (ВИДЕО)

”Арандатудың құрбаны болды”: Ақселеу Сейдімбектің өзіне қол салу себебі айтылды (ВИДЕО)

Жазушы Тұрсын Жұртбай 2009 жылы өзіне қол салып өмірден өткен жазушы Ақселеу Сейдімбек туралы айтты.

  • 18 Шiлде
  • 13393
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол “Sadaq media” YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Бұл шындық пен арандатудың арасындағы ақиқаттар. Шындығын айтсаң да, өтірік айтсаң да арандату. Өйткені, ол арандатудың құрбаны болғаны анық. Сол адамдардың өздері мойындап, себебін жазамын десе әлі де мүмкіндіктері бар. Өсиет қағазын өз қолыммен оқыған жоқпын. Оны өз көзіммен оқымасам, “айтты, бүйтті” деуге хақым жоқ. Оқыған Қойшығара аға мен Несіпбектен сұраңдар”, — деді жазушы.

Естеріңізге салсақ, жазушы Ақселеу Сейдімбек 2009 жылы 67 жасына қараған шағында өмірден өткен еді.

Перейти к новостям спорта