Арақ зауытын жармақ болды деп ұсталған бозбалалардың туыстары наразылық білдірді
|
Ақтөбеде “арақ шөлмегінің сыртына Алланың атын жазған зауытты жармақ болды” деген күдікпен ұсталған 3 жігіттің туыстары наразылық білдірді. Олар өрімдей бозбалалардың лаңкестік әрекетке оқталуы мүмкін емес дегенді айтады.
- Мына 17-дегі бала кімді үгіттейді. Кішкентай бала әлі.
Әлі мектеп бітіре қоймаған Саламат Ахет және 18 бен 19 жастағы Аслан Жақаев, Нұрсұлтан Теңізбаев үш ай бұрын күдікті ретінде қамауға алынған болатын. Оларға экстримизм мен лаңкестікті насихаттады деген айып тағылды. Күдіктілердің ата-аналарының айтуынша, оларды арақ зауытын жару үшін жиһадқа үгіттеген Асхат Сәкенов куәгер ретінде бостандықта жүр. Айғақ ретінде келтірілген бейнетаспада да жастардың жарылыс жасамақ болды деген ойлары дәлелін таппады дейді наразы топ. Тергеумен ұлттық қауіпсіздік комитеті айналысуда. Істің қашан аяқталары белгісіз. Ал елді шулатып Алла атын шөлмекке жазған зауыт жазда жұмысын тоқтатқан болатын.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін