Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Facebook парақшасына ұстаздардың жұмыс сәтіндегі суреттері мен видеосын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ақпарат агенттігі «31 арнаға» сілтеме жасап.
Ол мектептің қай қызметкері болсын мұндай жұмысқа салынбауы керек деп, мәселе көтерді. Бұл жерде жүкті әйелдердің де барын атап жазған. Ол суреттер мен бейнежазбаларды қайдан алғанын көрсетпепті.
Ал Атырау облысы Білім басқармасы алғашында бұл жағдайды естімеген сыңай танытқан.
«Бұл мәселе бойынша облыстық Білім басқармасы тарапынан қызметтік тексеріске мамандар нақтыланып, тағайындалды. Комиссия тексеріске кетті», – дейді Атырау облысы Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жансұлу Төремұратова.
Мұндай жағдай елміздің мектептерінде өкінішке қарай, әлі де бар. Ал мұғалімдер мен мектептің өзге де қызметкерлері өз құқықтарын қорғап қалуы некенсаяқ.
Добрые намерения Президента, Министра образования и науки ничего не значат на местах!!! Поэтому многие не верят…
Posted by Irina Smirnova on Sunday, August 18, 2019