Арбаға таңылған ақынның екінші жыр жинағы шықпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арбаға таңылған ақынның екінші жыр жинағы шықпақ

Арбаға таңылған ақынның екінші жыр жинағы шықпақ

Сыр өңірінің Шіркейлі ауылының тумасы, бала жасында қол-аяғы сал болып қалған Нұрмұхаммед Әбілқасымовтың жақында тағы бір жыр жинағының тұсауы кесілмек.

  • 30 Қаңтар 2014
  • 445
Фото - Caravan.kz

Жазмыштың жазуына мойынұсынбаған мүмкіндігі шектеулі жан өзінің өмірге деген зор құштарлығы мен жасымас жігерінің арқасында шығармашылық табыстарға қол жеткізіп келеді. Осыдан үш жылдай уақыт бұрын ол жырсүйер қауымға «Тағдырымның жанары» жинағын тарту еткен еді. Енді Нұрмұхаммед «Тасжарған» атты екінші кітабын жарыққа шығаруды жоспарлап отыр. 

Ол өз туындыларын аузындағы таяқшаның көмегімен әуелі ұялы телефонға тереді. Сосын смс-хабарлама арқылы туған-туыс, дос-жарандарына жібереді. Ал олар оны қағазға түсіріп береді.

Қайсар өрен 2011 жылы республикалық «Самғау» фестивалінде бас жүлдені жеңіп алған. Дәл сол жылы облыс әкімінің стипендианты атанды. Ал 2012 жылы халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты болды.


Перейти к новостям спорта