Арбаға таңылған азамат отбасын асырау үшін қолмен ғана жүргізетін көлік алуды армандайды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арбаға таңылған азамат отбасын асырау үшін қолмен ғана жүргізетін көлік алуды армандайды

Арбаға таңылған азамат отбасын асырау үшін қолмен ғана жүргізетін көлік алуды армандайды

Шығыс Қазақстан облысында тұратын мүмкіндігі шектеулі жан әлеуметтік желі арқылы қайырымды азаматтардан көмек сұрады. Руслан Қайрақовты осыдан үш жыл бұрын көлік қағып кеткен екен. Соның кесірінен мүгедектер арбасына таңылыпты.

  • 15 Желтоқсан 2016
  • 1713
Фото - Caravan.kz

38 жастағы Руслан Қайрақов қазір өзін үш баласымен бірге әйелі асырап отырғанын айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі. Алайда ол жұбайының бұлай қиналғанын көргісі келмейді. Сондықтан өзі де тірлік жасап ақша тапсам дейді. Бірақ аяғы сал боп қалған оған бұл үшін қолмен ғана жүргізетін көлік керек екен.  

Фото Руслана Кайракова.

"Бірақ ондай көліктің аз ақша тұрмайтыны белгілі. Сол үшін барша қайырымды азаматтардан өтініп сұрайтыным, менің жанайқайымды түсініп, қол ұштарыңызды берсеңіздер екен. Сіздерден көмек болған жағдайда, мен сау кезімдегідей өз жанұямның асыраушысына айналар ма едім, балаларымның жарқын болашағына деген үміт туар ма еді. Менің өтінішімді аяқсыз қалдырмайсыздар деп сенемін. Өйткені мына өмірде қолы ашық жандар аз емес деп ойлаймын" дейді Руслан.