Әрбір 5-ші қазақстандық өз кірістерін декларацияуды қаламайды
Саяси зерттеулер институтының (СЗИ) маусым айының бірінші жартысында жүргізген зерттеуіне сәйкес, Қазақстан халқының 21,8%өз кірістерін декларацияуды қаламайды. |
«Әрбір бесінші қазақстандық (21,8%) өз кірістерін декларациялауға қарсы, өйткені бұл шара «бюрократиялық әуре-сарсаң мен жемқорлықты күшейтіп, «көлеңке» экономиканы сақтап қалады деп есептейді», – делінген сейсенбі күні таратылған ақпаратта.
СЗИ –дің хабарлауынша, сауалнама қатысқандардың 37,3% республикада кірістерді жалпы декларациялауға қатысты бастамаға аса қызығушылық танытпаған. «Қазақстанның оңтүстігінде көбірек, мұнда декларациялауға халықтың 46,3% бейтарап пікір ұстанады», – делінген зерттеуде.
Сонымен қатар, әрбір төртінші қазақстандық (26,5%) кірістерді декларациялау қажет деп есептейді.
«Басқаларға қарағанда елорда тұрғындары салық төлеуге қарсы емес: астаналықтардың жартысынан көбі (55,3%) кірістерін жариялауға қарсы емес, өйткені «бұл азаматтардың салықтық мәдениетін арттырып, алдағы уақытта «көлеңке» экономиканы жояды», – делінген баспасөз мәлімдемесінде.
Еске сала кетейік, үкімет көлеңке экономикаға қарсы тұру және мемлекеттік органдардағы жемқорлықтың деңгейін төмендету мақсатында 2013 жылдан бастап кірістерді жалпы декларациялау идеясын қолдаған болаты.
Қоғамдық сауалнамаға Астана, Алматы және 14 облыс орталығының 2302 тұрғыны қатысты.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін