Олардың саусақ бедерлері алынып, арнайы бейнетіркеуге қойылды; қылмыстарға қатысы бары анықталмақ. Бұл азаматтар әсіресе жаз айларында саяжайларды тонап, ауыл маңындағы мал мен үй құстарын ұрлайды екен. Араларында кісі өлтірген қылмыскерлер де табылып жатыр. Ұсталғандардың барлығы өз еріктерімен көлікке мініп, полицейлердің жетегінде кете берді. Рейдтің арқасында олар бір күн болса да асханада ас ішіп, таза жерде түнейтіндеріне мәз.