Бұл туралы Instagram-дағы стористе айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Білемін қазір көп адамның бойын үрей мен уайым билеп алды. Дүниежүзі халқын қымбатшылық қысып тұр. Әсіресе, бизнесте жүргендер тығырыққа тірелгендей сезімде. Алайда, әрбір дағдарысты мүмкіндік деп қабылдауымыз керек. Мысалы 2020 жылы бүкіл әлемде пандемия басталып, бәріміз үйге қамалып қалып, табыстан қағылдық. Естеріңізде болса, карантиннің өзі көптеген бизнестің дамуына ықпал етті. Демек, бұл қиын кезеңнен де шығатын жол бар", — деді Айнұр Тұрсынбаева.