Жарияланды: 360

Ардагерлер Алматыдағы “Әскерилер үйін” қайтаруды сұрады

Алматыдағы әскерилер үйінде кезекті шу. Ардагерлер осы уақытқа дейін тегін пайдаланып келген ғимарат жеке қолға өтіп, соғыс көрген азаматтар жұмыс орнынан айырылуы мүмкін. Себебі оларға тек үш бөлме бөлініп, жалға беру құны да шарықтап кеткен.

Бүгінге дейін Қорғаныс министрлігінің қарамағында болған ғимарат «Геоақпараттық жүйе» орталығының меншігіне өткендігін ардагерлер жуырда ғана хабардар болыпты. Жаңа қожайын 5 қабатты зәулім ғимаратқа шыққан шығынды өтеу үшін кеңселерді жалға берген екен. Осылайша бұрын ардагерлер бас қосып, жиын өткізетін орында қазір кафе мен түнгі клубтар жұмыс істеуде. Өкініштісі 12 мың шаршы метрді алып жатқан ғимараттан ардагерлерге небәрі 3 бөлме бөлінген. Оның өзінде коммуналдық шығындар мен жалға алу ақысы да шарықтапты. Ал оның құны жыл басынан бастап еселенетін болған.

Алтынбек Танабаев, Ауған соғысы мүгедектері қоғамының төрағасы:

- Біз далада қалдық деп есептеуге болады. Жалға 9 кв.м үшін бұрын қысты күні 7 мың, жазда 4 мың теңге төлейтінбіз. Қазір 35 мың теңгеге жетті. Біз 35 мыңды төлей алмайтындықтан кабинетімізді босатып бердік деп айтсақ болады. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін