Бұл туралы Caravan.kz порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлады.
Алматыда тұратын ҚР дипломатиялық қызметінің 70-тен астам ардагері, олардың ішінде мемлекет және қоғам қайраткерлері, бұрынғы министрлер, Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшілері, зейнеткерлік және егде жасқа жеткен барлық санаттағы қызметкер өкілі көп рет қолданылатын қорғаныс маскаларын алды. Дипломатиялық қызмет ардагерлері өз кезегінде COVID-19 коронавирус індеті кезеңінде оларға қолдау көрсетіп, қамқорлық көрсеткен туған ведомствосына шынайы алғыстарын білдірді, — делінген СІМ хабарламасында.